Егер сіз КЭ табылған мемлекетте тұрсаңыз немесе сол мемлекетке баруды жоспарлап отырсаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды жұқпалы аурудан сақтау үшін бірнеше қарапайым ережені сақтаңыз.1
Жеңі ұзын жемпірлерді киіңіз және шалбардың балағын шұлығыңызға салып жүріңіз; киімдеріңіз ашық түсті болу керек.2
Вакцина алған болсаңыз да, ауру жұқтырған кененің шағу қаупін азайту үшін сақтық шараларын сақтауыңыз керек.¹
КЭ қарсы вакцинациялау КЭ жұқтыру қаупі бар өңірлерде тұратын немесе ондай өңірлерге жұмыс бабымен немесе демалу үшін баруды жоспарлап отырған адамдардың барлығына ұсынылады. Ауылдық жерге баруды немесе таза ауада уақыт өткізуді, серуенге шығуды немесе жаяу жорыққа баруды, велосипед тебуді немесе шатырлы лагерьде тұруды жоспарлап отырғандарға төнетін қауіп деңгейі аса жоғары.4,5 ДСҰ ұсынымдарына сәйкес, вакцинациялау бұл КЭ-ң алдын алудың сенімді тәсілі.3