Қазақстандағы Pfizer компаниясының сайтына қош келдіңіздер. Біздің веб-сайтқа кіріп немесе оны пайдалана отырып, сіз осы ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН оқып, оны түсінгеніңізді және онымен келісетініңізді растайсыз. Егер сіз ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫМЕН келіспесеңіз, біздің сайтты пайдаланбауды сұраймыз. Қазақстандағы Pfizer компаниясы ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫНА өзгертулер енгізуі мүмкін, олар сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Сізден осындай өзгертулер енгізілген жағдайда ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН кезеңді түрде қарап тұруды сұраймыз.
Сіздің веб-сайтқа кіру мүмкіндігіңіз және бұл веб-сайттағы ақпаратты пайдалану мүмкіндігіңіз осы ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫМЕН және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Сіз веб-сайтқа кірген уақытта заң аясында әрекет етуге және оны зақымдайтын, кедергі келтіретін, бұзатын, үзетін немесе оның жұмыс істеуін мүмкін емес ететін немесе біздің веб-сайтты пайдаланатын басқа кірушілерге кедергі жасайтын әрекеттерді жасамауға келісесіз.
Сіз веб-сайтты өз қорқынышыңыз бен тәуекеліңізге байланысты пайдаланатыныңызға келісесіз. Pfizer компаниясы кез келген уақытта және өз қалауы бойынша осы сайтқа материалдарды қоса, өзгерте немесе жоя алады. Біздің компания бұл сайтта сенімді және өзекті ақпаратты ұсыну үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды, бірақ оның сенімділігіне, өзектілігіне, сапасына, толықтығына немесе белгілі бір мақсатқа сәйкестігіне қатысты қандай да бір кепілдеме, міндеттеме немесе мәлімдеме бермейді. Pfizer компаниясы заңмен рұқсат етілген дәрежеге дейін, айқын нысанда немесе жорамал нысанында көрсетілген қандай да бір кепілдік беруден бас тартады. Бұл веб-сайтты жасауға, әзірлеуге немесе көрсетуге тартылған Pfizer компаниясы да, оның филиалдары мен өкілдіктері де, осы веб-сайтта көрсетілген ақпаратты пайдалану нәтижесінде, осы веб-сайтқа кіру, оны пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі нәтижесінде немесе қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген дәрежеде оның мазмұнының қандай да бір қателіктері мен толық еместігі нәтижесінде пайда болуы мүмкін барлық жағдайда кез келген сипаттағы кемшіліктер, залалдар немесе шығындар үшін жауап бермейді. Бұл шектеу, сонымен қатар, веб-сайтты пайдалану кезінде компьютерге, бағдарламалық жасақтамаға немесе деректерге зиян келтіруі мүмкін кез келген вируспен байланысты жоғалуға, залалға немесе шығынға да қатысты қолданылады.
Pfizer компаниясы осы веб-сайтты пайдаланушылардың дербестігін құрметтейді. Өтінеміз, пайдаланушылардың құқықтарын және веб-сайтқа кірген немесе оны пайдаланған (соның ішінде "Cookies” файлдарын) кезде сіз бізге жария еткен кез келген жеке ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін негіздерді түсіндіретін ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫМЕН танысыңыз.
Бұл веб-сайтта үшінші тараптар қолдайтын веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін, Pfizer компаниясы оларды бақыламайды. Мұндай сілтемелер тек қана қолайлы болу үшін ұсынылады. Бұл сайтқа үшінші тараптардың сілтемелері арқылы кіруге де болады, Қазақстандағы Pfizer компаниясы оларды бақыламайды. Pfizer компаниясы мұндай сайттардағы кез келген ақпараттың сенімділігі, өзектілігі, сапасы немесе толықтығы туралы ешқандай кепілдік бермейді, өзіне ешқандай міндеттеме алмайды және ешқандай мәлімдеме жасамайды және мұндай ақпаратты пайдалану салдарынан туындайтын кез келген кемшіліктер, залалдар немесе шығындар үшін ешқандай жауапкершілік артпайды. Үшінші тарапқа сілтеме оның мақұлдауын немесе Pfizer компаниясының ұсынысын білдірмейді.
Қазақстандағы Pfizer компаниясы зияткерлік меншік құқықтарына, патентке, деректер базасына, сауда маркаларына құқыққа, дизайнға, ноу-хауға және құпия ақпаратқа (тіркелген немесе тіркелмегеніне қарамастан) құқыққа, сондай-ақ осы веб-сайтқа және оның мазмұнына қатысты басқа да барлық зияткерлік меншік құқықтарына ие. Бұл сайттың мазмұнын барлық зияткерлік меншік құқықтарын ескере отырып, коммерциялық емес жеке пайдалану үшін ғана көшіруге болады, бұл құқықтарға сәйкес бұл ақпаратты өзге жолмен көшіруге, көбейтуге немесе таратуға болмайды. Жоғарыда рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, сіз Pfizer компаниясының нақты жазбаша келісімінсіз бұл сайттағы кез келген ақпаратты, мәтіндерді, құжаттарды немесе осы материалдардың кез келген бөлігін электронды арқаулар, қағаз көшірмелер не туынды материалдар жасау арқылы көшіре, көрсете, жүктей, тарата, түрлендіре, көбейте немесе жібере алмайсыз. Сонымен қатар, Pfizer компаниясының атауы мен логотипі тіркелген сауда маркалары болып табылады және оларды жазбаша рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Pfizer компаниясының тауарлық маркаларын немесе осы сайттағы кез келген материалды тиісті емес түрде пайдалануға тыйым салынады, себебі бұл зияткерлік меншік туралы, тауарлар мен қызметтерге (сауда маркалары) арналған белгілерге деген құқықтарды қорғау туралы заңнаманы және/немесе Қазақстанның басқа да заңнамаларын бұзады. Назар аударыңыз, Pfizer заңнаманы толығымен қолдана отырып, өзінің зияткерлік меншік құқығын белсенді және қағидатты түрде қорғайды.
Бұл веб-сайт және оның мазмұны Қазақстанның заңдарына сәйкес келеді. Ақпаратқа Қазақстаннан тыс пайдаланушылар қол жеткізе алатындығына қарамастан, сайттағы ақпарат тек Қазақстанда тұратын адамдардың пайдалануына арналған. Басқа елдердегі заңдар, нормативтік талаптар мен медициналық практикалар Қазақстандағылардан өзгешеленуі мүмкін. ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ және Сіздің ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ Қазақстанның заңдарына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Қазақстандық соттар осы веб-сайтқа байланысты туындайтын кез келген дауды шешуде айрықша заң құзіретіне ие.
ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫНЫҢ қандай да бір тармағы заңсыз, жарамсыз немесе мәжбүрлі орындалуға жатпайтын болып танылған жағдайларда, олар қалған тармақтарға әсер етпестен, күшін жояды және алынып тасталады.
Бұл сайтта түрлі аурулар және оларды емдеу әдістері туралы жалпы ақпарат болуы мүмкін. Мұндай ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады және емдеуші дәрігердің немесе басқа да білікті медициналық қызметкердің кеңестерінің орнын алмастырмайды. Тұтынушылар сайтта көрсетілген ақпаратты диагноз қою мақсатында пайдаланбауы керек. Тұтынушылар, қажет болған жағдайда, әрдайым өз емдеуші дәрігерлерімен кеңесу керек.
PP-UNP-KAZ-0016