Қазақстандағы Pfizer компаниясы жеке ақпаратты қорғаудың маңыздылығын түсінеді және біздің сайтқа кірушілердің құпиялылығына құрметпен қарайды, сондықтан да біз, сіз осы сайтқа кірген сәттен бастап сізге қатысты қолданылатын, осы ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫН құрастырдық.
Осы ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ мақсаттары үшін дербес және жалпы деректер түсінігін ажырата білген жөн. Дербес деректер – бұл жеке тұлға туралы сәйкестендірілген деректер немесе олар арқылы ол нақты сәйкестендірілуі мүмкін деректер. Сайтқа кірушілердің құқықтары Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңымен қорғалады.
Жалпы ақпарат – бұл сайтты пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес баптауға мүмкіндік беретін және келесі деректерге: веб-сайтқа кірушілер санына, жекелеген парақтарды қарау және веб-сайтта орналастырылған функционалды қосымшаларды пайдалану статистикасына, браузер мен операциялық жүйе түрлеріне, Интернет қызметтерінің провайдері туралы мәліметтерге және т.б. қатысты ақпарат. Біз мұндай ақпаратты автоматты және жалпы түрде (дербестендірілмеген) аламыз.
Жоғарыда көрсетілген жалпы ақпаратты жинау үшін біз «маркерлер» технологиясын қолдана аламыз, ол пайдаланушының компьютеріндегі біздің сайт болып қалатын, белгілі бір ақпарат болып табылады. "Cookies" пайдаланушы сайтқа қайта оралған кезде оларды қалдырған сайт серверіне ғана жіберіледі. "Cookies" біздің сайттың парақшаларын қалай, қашан және қанша адам қарағанын көрсете алады. "Cookies" жеке (дербес) ақпаратты қамтымайды, Сіздің қатқыл дискіңізден ақпаратты оқымайды және сіздің операциялық жүйеңізге ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. "Cookies" технологиясын қолдану арқылы алынған ақпараттың арқасында, біз веб-сайтты үнемі жетілдіруге ұмтыламыз. Атап айтқанда, біз бұл ақпаратты біздің ақпаратымызды Сіз үшін әлдеқайда қолжетімді және жалпы веб-сайтты пайдалануға қолайлырақ ете аламыз. "Cookies" туралы қосымша ақпарат алу үшін, өтінеміз, www.allaboutcookies.org сайтына өтіңіз. Сонымен қатар, браузеріңіздің тиісті мәзірінде (көбінесе, HELP мәзірінде) біз браузеріңіздің жаңа "Cookies" алуына қалай тыйым салуға, браузерден түсетін Сіз жаңа "Cookies" алғаныңыз туралы хабарламаларды қалай баптауға немесе "Cookies" қалай мүлдем өшіруге болатыны туралы білуге болады.
Тек Қазақстандағы Pfizer компаниясы, осы ақпаратты басқарып, біздің компаниямен ынтымақтас ұйымдар ғана жиналған жалпы және дербестендірілген ақпаратқа қол жетімділікке ие бола алады. Біз өз атымыздан деректерді зерттеу, өңдеу үшін және біздің сайтты, оның мазмұнын немесе бағдарламаларын қолдау үшін, біз үшінші тараптардың қызметін пайдалана аламыз. Бұл жағдайда, біз олардан құпиялылық саясатын сақтауды талап етеміз және сайттың кез келген ақпаратын басқа мақсаттарда пайдалануға тыйым саламыз.
Біз бұл құпиялылық саясатын кез келген уақытта өзгерте аламыз. Өтінеміз, өзгерістер туралы үнемі хабардар болу үшін, сайтты кейде тексеріп отырыңыз.
PP-UNP-KAZ-0016