Жұқтыру жолдары

Егер кенені байқап қалсаңыз, оны дұрыс және мейлінше тез алып тастау керек.

Кенелер көп мекендейтін орман аймақтарында және сілемдерде көктемнен бастап күзге дейінгі кезеңде болмауға тырысыңыз.

Жеңі ұзын жемпірлерді киіңіз және шалбардың балағын шұлығыңызға салып жүріңіз; киімдеріңіз ашық түсті болу керек.2

Жәндіктерден қорғайтын әсерлі құралдарды пайдаланыңыз.

ДСҰ ұсынымдарына сәйкес вакцинациялау бұл КЭ алдын алудың сенімді тәсілі.​​​​​​​3

Кене табылған жерлерге барғаннан кейін өзіңіздің және жақындарыңыздың үстін мұқият тексеріп шығыңыз.


Вакцина алған болсаңыз да, ауру жұқтырған кененің шағу қаупін азайту үшін сақтық шараларын сақтауыңыз керек.¹ 

Кене энцефалиттің алдын алу жолдары туралы білесіз бе?

КЭ қарсы вакцинациялау КЭ жұқтыру қаупі бар өңірлерде тұратын немесе ондай өңірлерге жұмыс бабымен немесе демалу үшін баруды жоспарлап отырған адамдардың барлығына ұсынылады. Ауылдық жерге баруды немесе таза ауада уақыт өткізуді, серуенге шығуды немесе жаяу жорыққа баруды, велосипед тебуді немесе шатырлы лагерьде тұруды жоспарлап отырғандарға төнетін қауіп деңгейі аса жоғары.4,5 ДСҰ ұсынымдарына сәйкес, вакцинациялау бұл КЭ-ң алдын алудың сенімді тәсілі.3

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Travel Health Pro. Country information. Tick-borne encephalitis. Available from: https://travelhealthpro.org.uk/disease/173/tick-borne-encephalitis. Accessed: November 2019
2.European Centre for Disease Prevention and Control. Leaflet for travellers on ticks, tickborne diseases and preventive measure. Available from: https://www.ecdc.europa.eu/sites/default/files/media/en/healthtopics/emerging_and_vector-borne_diseases/tick_borne_diseases/public_health_measures/Documents/Travellers_Leaflet_highres.pdf. Accessed: November 2019.
3.World Health Organization. Immunization, Vaccines and Biologicals. Tick-borne encephalitis. Available from: https://www.who.int/immunization/diseases/tick_encephalitis/en/. Accessed: March 2020
4.European Centre for Disease Prevention and Control. Key messages about tick-borne encephalitis and tick-borne diseases. Available from: https://ecdc.europa.eu/en/tick-borne-encephalitis/facts/key-messages. Accessed: November 2019.
5.Dobler G, et al. Tick borne encephalitis (TBE) - The Book. Available from: https://id-ea.org/tbe/. Accessed: November 2019.

PP-TCV-CCR-0019